Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес компаниясының «АИТВ: әрқайсысын тыңдау» тақырыбында онкүндік өткізу аясында: «Теңсіздікті жою. ЖИТС-ті жеңу

24.11.2021

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес компаниясының «АИТВ: әрқайсысын тыңдау» тақырыбында онкүндік өткізу аясында: «Теңсіздікті жою. ЖИТС-ті жеңу. Пандемияны тоқтату» ұранымен Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде осы мәселеге назар аударту мақсатында студент жастардың АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша ақпараттандырылуын арттыруға бағытталған іс-шара өткізілді. Колледждің медицина қызметкері А.Қ.Қапарова оқу орнының студенттеріне: «Өз ауруына кім кінәлі және кім кінәлі емес?; Бүкіл халықты АИТВ-ға тестілеу қажет пе, жоқ па?; ЖИТС-пен ауыратын балалар оқу орындарына бара ала ма?» тақырыптарында дәріс өткізді. Талқылау барысында студенттер осы мәселелерге қатысты өз көзқарастарын білдірді. Алынған ақпаратты бекіту үшін АҚТҚ мәселесі барлығына қатысты екенін еске салатын «ЖИТС. Темекі шегу. Нашақорлық» тақырыбындағы бейнефильм көрсетілді. Бейнефильмді тамашалап, студенттер адамзаттың маңызды мәселелерінің біріне өз көзқарастарын білдіре алды.



Текст
Виртуальная приемная